SAP консалтинг
Компанияларға бизнес-міндеттерді, қолданыстағы IT-ландшафтты, лицензиялау талаптарын және заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін ескере отырып, SAP жүйелерін пайдаланудың тиімді стратегиясын қалыптастыруға көмектесеміз. Функционалдық, техникалық және экономикалық талаптарға сай келетін SAP шешімдерін, соның ішінде жасанды интеллект негізіндегі құралдарды таңдаймыз.
Негізгі бағыттар
- Стратегиялық консалтинг — SAP-ландшафтты дамыту, roadmap әзірлеу және ықтимал шешім нұсқаларын бағалау.
- Лицензиялық консалтинг — қолданыстағы лицензияларды талдау, оңтайлы лицензиялау моделін таңдау және бизнестің болашақ қажеттіліктерін бағалау.
- Функционалдық және архитектуралық консалтинг — SAP шешімдерін жобалау, бағалау және оңтайландыру.
- S/4HANA консалтингі — SAP S/4HANA жүйесіне көшу стратегиясын, тәсілін және кезеңдік жоспарын әзірлеу.
- Интеграциялық консалтинг — интеграциялық архитектураны қалыптастыру және SAP жүйесінің сыртқы жүйелермен тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету.
- SAP AI — бизнес-процестерді автоматтандыру, шешім қабылдауды қолдау және операциялық тиімділікті арттыру үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін бағалау және енгізу.
- Қазақстандық локализация — SAP шешімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық және регламенттік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.
- SAP жүйелерін дамыту — қолданыстағы жүйелерді одан әрі дамыту басымдықтарын анықтау және даму roadmap-ын қалыптастыру.
Бөлісу