
iQ-Solutions Astana IT University бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты
iQ-Solutions Astana IT University ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, студенттер мен түлектерге компаниядағы мансаптық мүмкіндіктерді таныстырды және университетпен алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
iQ-Solutions Astana IT University (AITU) студенттері мен түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шара студенттерді, жас мамандарды және болашағы зор кадрларды тартуға мүдделі 50-ден астам компанияның өкілдерін біріктірді. Қатысушылар әлеуетті жұмыс берушілермен танысып, мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат алып, өндірістік тәжірибеден өту және одан әрі жұмысқа орналасу мәселелерін тікелей талқылауға мүмкіндік алды.
Astana IT University ақпараттық технологиялар және онымен байланысты бағыттар бойынша сұранысқа ие мамандарды даярлайды. Олардың қатарында Computer Science, Software Engineering, Big Data Analysis, Industrial Automation, Cybersecurity, Telecommunication Systems, Media Technologies және IT Management бағдарламалары бар.
iQ-Solutions үшін жәрмеңке болашақ мамандармен танысып, студенттерге компанияның негізгі қызмет бағыттары мен мансаптық мүмкіндіктері туралы айтып беру үшін жақсы алаң болды. Студенттер өндірістік тәжірибеден өтуге және кейіннен компанияда жұмыс істеу мүмкіндігіне үлкен қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша iQ-Solutions пен Astana IT University арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Astana IT University басшылығы мен командасына, сондай-ақ университет ректоры Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлына шақыруы және іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Университетке одан әрі өркендеу, ал студенттері мен түлектеріне оқуда және кәсіби мансапта жоғары жетістіктер тілейміз.
iQ-Solutions компаниясының өзекті бос жұмыс орындарымен корпоративтік сайттағы «Мансап» бөлімінде танысуға болады.


